22 Маусым, 2020
Кітапша «Еңбек шарты және оны Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жасау»

Кітапша «Еңбек шарты және оны Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жасау»

Қазіргі қоғамда адамның еңбегі аса зор мәнге ие. Біздің өміріміз қаншалықты күрделене түссе де, ғылым мен техниканың, жоғары технологиялар саласының қандай да болсын жаңа жетістіктерге қол жеткізсе де, адамның еңбегі қоғамдық байлық тудырады, жасанды сананы да, заманауи ғимараттар мен құрылыстарды да, бір сөзбен айтқанда инфрақұрылымға жататынның барлығын құруға мүмкіндік жасайтыны әлі де рас болып отыр. Еңбек материалдық құндылықтарды ғана қалыптастырып қоймайды, онымен қоса қоғамның рухани дамуын асылдандыра түседі. Алайда, еңбек бұл жасампаздық ғана емес, сонымен қатар миллиондаған аламдарлың тіршілік етуінің көзі болып табылады. Қазіргі таңда солай болып отыр және бұл жағдай жақын арада да өзгере қоймас. Еңбектің тағы бір ерекшелігі бар, және оны әрдайым есте сақтау керек. Еңбекті адам жасағандықтан ол шартпен тығыз байланыста болады. Біздің қоғамның кез келген бір тіршілік әрекеті саласында өз-өзімізді дамыту, жетістікке қол жеткізу және өзіміздің және жақындарымыздың лайықты өмір сүруі үшін қаражат алу ынтамыз бұл үшін жағдай тудыра алатын адаммен яғни жұмыс берушімен келісу қажеттілігін болжайды. Шарт бұл өркениеттің ең үлкен табысы, және ол бұрығы мен қазіргі заманның көптеген орасан зор жаңалықтарымен қатар тұр. Шарт қазіргі уақытта біздің азаматтарымыздың көбі түсетін барлық еңбек қатынастарының ажырамас серігі болып отыр. Міне, сондықтан әр адам еңбек шартының барлық қыр-сырлары туралы білуі қажет. Өйткені, еңбек қатынастарын басқалай құру да мүмкін емес. Еңбек шарты бұл еңбек қатынастарын құру бағытындағы өзінше бір тұсбағдар болып табылады.
10 Маусым, 2020
Жалақы «Қазақстандағы еңбек құқықтары» жобасының шеңберінде дайындалды

Жалақы «Қазақстандағы еңбек құқықтары» жобасының шеңберінде дайындалды

Адамның, оның отбасының дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ету үшін оның еңбегі үшін сыйақы маңызды құрал болып табылады. Бұл сыйақы басқа да көптеген мемлекеттердегі сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында жалақы деп аталады. Жалақы жұмыс берушінің өз жұмыскердің шығармашылық қабілеттеріне, біліктіліктеріне, білімділігіне, шеберліктері мен дағдыларына деген құрметті білдіреді. Жалақы төлеу бізге және біздің жақындарымызға өздеріміздің өмірлік қажеттіліктерімізді қанғағаттандыруға, түрлі игіліктерді алуға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарының кіріс дереккөздерінің жүйесінде жалақы бірінші орында тұратындығын есептесек қателеспейміз. Бұл жағдаяттың қарқынына орай жалақыға қатыстылардың барлығын немесе барлығына жуығын білу керек. Осы нұсқаулықта, құрметті оқырмандар, жалақы туралы өзекті және пайдалы мәліметтер, жалақы тәртібі және оны беру мерзімдері туралы, мүмкін болған шектеулер мен жалақыдан ұстап қалу жайлы, жалақының өзге де сыйақы түрлерінен айырмашылықтарын табады. Бұл мәліметтер оқырмандарға әділетті және көңіл қалайтын жалақы алу процесінде көмектеседі деп үміттенеміз.