20 Сәуір, 2022
Қазіргі таңда Қазақстанда халық санының артуы мен құрылымының өзгеруінде, халықтың өмір сүру ұзақтығының және қартаюының артуында, сонымен қатар кенттену және сыртқы көшіқонда көрініп отырған демографиялық ауысу байқалуда. Қолданыстағы демографиялық трендтер елдің әлеуметтік-экономикалық үрдістерге ары қарай да қатты әсер ететін болады, соның ішінде жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық параметрлерінің, және де экономикада саласында жұмыс істейтін жұмыс күші сипатының өзгеруіне де елеулі әсерін тигізеді.
Соңғы 10 жыл ішінде халық құрылымында біруақытта еңбекке қабілетті жастан үлкенірек және жасырақ халық үлесін арттыру қатар еңбекке қабілетті азаматтардың үлесінің қысқартылуы
орын алуда. Сөйтіп, егер 2010 жылы еңбекке қабілетті жастағы 1000 адамға еңбекке жарамсыз 557 адам сай келсе, ал 2020 жылы – 713 адам болды.
20 Сәуір, 2022
БАРУҒА БОЛАДЫ!
ЕГЕР:
- Сіз фирманың ресми сайтында және/немесе Интернетте ол туралы ақпаратты тексеріңіз;
- Сіз фирманың шетел азаматтарын жұмысқа орналастыруға рұқсаты/лицензиясы бар-жоғына сенімді болсаңыз;
- Сіз фирмамен және/немесе жұмыс берушімен ресми екіжақты келісім-шартқа қол қойсаңыз;
- Сізге жұмыс визасы рәсімделінсе;
- Сіз туыстарыңызға төлқұжатыңыз бен келісім-шарттың көшірмесін, сондай-ақ байланыс мәліметтеріңізді қалдырсаңыз;
- Сізде баратын елде мемлекетіңіз елшіліктерінің байланыс телефондары болса.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
Сіздің өз өміріңізді таңдауға құқығыңыз бар.
Сіздің еркіндік құқығыңыз бар.
20 Сәуір, 2022
Кәсіподақ құру дегеніміз жарғыны мемлекеттік тіркеп және заңды тұлға мәртебесін, заңды тұлғаның филиалы мәртебесін, кәсіподақты алғаш ұйымдастыру мәртебесін алып, осылайша істің аяқталғанын мүлде білдірмейді. Тіркелген кәсіподақ немесе алғашқы кәсіпшілер одағының ұйымы – бұл оны құрудағы алғашқы қадам. Бұл – қатты мұқтаж болған адамдарды тартуыңыз керек болатын үлкен жұмыстың басталуы.
Төмендегілерге байланысты негізгі кәсіподақ міндеттерін шешуге көңіл аударыңыз:
• Еңбекақыны өсіру;
• Жұмысқа қатысты уақытты қысқарту (бұл жұмыс уақытының ұзақтығы туралы емес);
• Еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің денсаулығы;
• Кәсіпорын өз құрылымын өзгерткен, жұмысшылардың санын қысқартқан немесе таратылған (қайта ұйымдастырылған) жағдайда, жұмыспен қамтылу мәселелері;
Кәсіпорынның, қызметкерлердің, әкімшіліктің немесе инженерліктехникалық қызметкерлердің қалған барлық күрделі мәселелеріне Сіздің қатысуыңыз ақылға салынған болу керек және Сіздің мақсатыңызға сай келіп, кәсіпшілер одағының негізгі міндеттерін шешуге көзделуі тиіс.
08 Маусым, 2021
2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанда полиция наразылық акцияларына қатысушыларды тыныштандырудың жаңа әдісін қолдана бастады. Полиция оларды тығыз шеңберге алып, не су-тамақ ішуіне, не дәрет сындыруына мүмкіндік берместен шеңберден ешқайда шығармай, он сағаттан артық уақыт ұстап тұрды. Мұндай шаралар қазақстандық заңнамада жазылмаған, бірақ есесіне әлемде белгілі. Бұл әдіс - кеттлинг деп аталады. Бірақ кеттлингті наразылық білдірушілерге қарсы негізсіз және ретсіз қолдану ЗАҢҒА ҚАЙШЫ және АЗАПТАУМЕН ТЕҢ
22 Наурыз, 2021
Құрметті оқырмандар, еңбек қатынастарының саласы таңғаларлықтай күрделі және кейде онда даулы жағдайлар мен шиеленістер кездеседі. Қазіргі өмір мүлде оңай емес және шиеленістер мен дауларға лайықты түрде төтеп беру керек, оларды мәдениетті түрде шешу қажет. Өзінің еңбек құқықтары үшін кейде тіпті күресу керек, оларды сауатты қорғап қалу қажет. Алайда, еңбек қатынастарының саласы кез келген басқа да тіршілік әрекеті ретінде заманауи қоғамда ымыраға келуді жоққа шығармайтынын есте сақтау керек. Құқықтық өзі әртүрлі ұжымдық және жеке мүдделерді келісудің нәтижесі болып табылатынын ұмытпау керек. Тіпті бұрынғы заман адамдары да келісім құқықты тудыратынын айтып кеткен. Бұл толықтай еңбек қатынастарына да қатысты. Сіздің қолыңыздағы нағыз жұмыс, құрметті оқырмандар, еңбек дауының мәнін түсінулеріңіз үшін және осы дау қандай жолмен, келіссөздер және ымыралы шешімдер арқылы реттелуі мүмкін екенін көруге көмектесуге арналған. Мұндай дауларды көптеген жағдайларда сот процедураларына жүгінусіз-ақ, мәдениетті түрде шешуге болады. Осы кітапшада қамтылған ақпарат Сізге қызықты да пайдалы болады деп үміттенеміз.
22 Шілде, 2020
Бала еңбегі көптеген заманауи елдерде, соның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселе болып отыр. Ол халықаралық құқық қорғау ұйымдарының әртүрлі баға беруін тудырады. Балалардың еңбегі, бір жағынан – ұнамсыз құбылыс, себебі, бала мектепке бару керек, білім алу керек, ересек өмірге дайындала отырып, білімді болуы қажет, және, әлбетте, балаларды ең шеткі, аса қауіпті еңбекке жегуге жол берілмеуі тиіс, себебі бұл нағыз қанау болып саналады. Екінші жағынан, көптеген балалар жұмыс істейді, ал еңбекті кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің маңызды факторы деп, өздерінің қажеттіліктеріне жұмсай алатын, жақындарына көмектесу үшін пайдалана алатын балалардың табыс табу көзі ретінде қарастыруға болады. Осы орайда, кәмелетке толмағандарды қанаудаға қарсы берік тосқауыл қоятын және балаларға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке жол бермейтін олардың еңбегін құқықтық реттеу аса маңызды болып отыр. Осы басылымда құрметті оқырман, жасөспірімдердің еңбек қызметінің құқықтық тетіктері туралы, олардың еңбек құқықтарын қорғау туралы әңгімелейміз. Балалар – біздің болашағымыз, міне сондықтан, осы келешегіміз үшін лайықты әлеуметтік негіз құруымыз қажет.
22 Шілде, 2020
Құрметті оқырман берілген басылымда біз еңбек шартын тоқтату секілді өзекті құқықтық, тәжірибелік мәселе туралы айтамыз. Өмірде бәрі «өтеді және барлығы өзгереді», әсіресе заманауи Қазақстанда қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында. Біз жұмысты жиі ауыстыруымыз мүмкін және бұны ешкім талқыламайды. Бұл, белгілі бір шамада жұмыскердің жұмылғыштығының, сұраныста болу көрсеткіші. Бұл құбылыстың себептері әртүрлі. Біреулер көбірек еңбекақы өленетін жұмысты табады, ал біреулерге еңбек жағдайлары ұнамайды, сөйтіп ол жаңа жұмыс берушіні іздейді, басқалары тұрғылықты жерн өзгертіп, бөтен қалаға кетеді. Алайда, осындай ұқсас шешімдердің жағдайы қандай болғанына қарамастан, олар қазіргі жұмыс орны бойынша еңбек құқық қатынастарын тоқтатумен әрдайым байланысты болады. Сондықтан, құрметті оқырмен, еңбек құқық қатынастарын тоқтату деген не, оның негіздері, түрлері, құқықтық салдары қандай екенін талқылауымыз керек.
26 Маусым, 2020
Кәсіподақтар №190-Конвенцияны ратификациялауын қамтамасыз етуде және оны қағаз жүзінен шынайы өмірге әкелуде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мемлекеттен Конвенцияны ратификациялап, оны ұлттық заңнамаға қосуды талап ету үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.
22 Маусым, 2020
Қазіргі қоғамда адамның еңбегі аса зор мәнге ие. Біздің өміріміз қаншалықты күрделене түссе де, ғылым мен техниканың, жоғары технологиялар саласының қандай да болсын жаңа жетістіктерге қол жеткізсе де, адамның еңбегі қоғамдық байлық тудырады, жасанды сананы да, заманауи ғимараттар мен құрылыстарды да, бір сөзбен айтқанда инфрақұрылымға жататынның барлығын құруға мүмкіндік жасайтыны әлі де рас болып отыр. Еңбек материалдық құндылықтарды ғана қалыптастырып қоймайды, онымен қоса қоғамның рухани дамуын асылдандыра түседі. Алайда, еңбек бұл жасампаздық ғана емес, сонымен қатар миллиондаған аламдарлың тіршілік етуінің көзі болып табылады. Қазіргі таңда солай болып отыр және бұл жағдай жақын арада да өзгере қоймас. Еңбектің тағы бір ерекшелігі бар, және оны әрдайым есте сақтау керек. Еңбекті адам жасағандықтан ол шартпен тығыз байланыста болады. Біздің қоғамның кез келген бір тіршілік әрекеті саласында өз-өзімізді дамыту, жетістікке қол жеткізу және өзіміздің және жақындарымыздың лайықты өмір сүруі үшін қаражат алу ынтамыз бұл үшін жағдай тудыра алатын адаммен яғни жұмыс берушімен келісу қажеттілігін болжайды. Шарт бұл өркениеттің ең үлкен табысы, және ол бұрығы мен қазіргі заманның көптеген орасан зор жаңалықтарымен қатар тұр. Шарт қазіргі уақытта біздің азаматтарымыздың көбі түсетін барлық еңбек қатынастарының ажырамас серігі болып отыр. Міне, сондықтан әр адам еңбек шартының барлық қыр-сырлары туралы білуі қажет. Өйткені, еңбек қатынастарын басқалай құру да мүмкін емес. Еңбек шарты бұл еңбек қатынастарын құру бағытындағы өзінше бір тұсбағдар болып табылады.
10 Маусым, 2020
Адамның, оның отбасының дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ету үшін оның еңбегі үшін сыйақы маңызды құрал болып табылады. Бұл сыйақы басқа да көптеген мемлекеттердегі сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында жалақы деп аталады. Жалақы жұмыс берушінің өз жұмыскердің шығармашылық қабілеттеріне, біліктіліктеріне, білімділігіне, шеберліктері мен дағдыларына деген құрметті білдіреді. Жалақы төлеу бізге және біздің жақындарымызға өздеріміздің өмірлік қажеттіліктерімізді қанғағаттандыруға, түрлі игіліктерді алуға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарының кіріс дереккөздерінің жүйесінде жалақы бірінші орында тұратындығын есептесек қателеспейміз. Бұл жағдаяттың қарқынына орай жалақыға қатыстылардың барлығын немесе барлығына жуығын білу керек. Осы нұсқаулықта, құрметті оқырмандар, жалақы туралы өзекті және пайдалы мәліметтер, жалақы тәртібі және оны беру мерзімдері туралы, мүмкін болған шектеулер мен жалақыдан ұстап қалу жайлы, жалақының өзге де сыйақы түрлерінен айырмашылықтарын табады. Бұл мәліметтер оқырмандарға әділетті және көңіл қалайтын жалақы алу процесінде көмектеседі деп үміттенеміз.