Декларация


«Орта Азиядағы еңбек құқықтарын қорғау және күшейту: ВЫЗОВЫ, ТЕНДЕНЦИИ, ПЕРСПЕКТИВЫ» халықаралық кездесудің

Бішкек, Қырғыз Республикасы, 2016 ж. 4 қараша

ҚСРО құлдырағаннан кейін өткен жылдарда Орта Азиядағы еңбек қарым-қатынастар жүйесі елеулі өзгерістерге тап болды. Тәуелсіздіктің бірінші жалдарында  бес жаңа мемлекет кеңес заманындағы  әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген ұстамдары мен стандарттарын сақтап келе жатқан. Осыған қоса, халықаралық деңгейде мойындалу үшін бес елдің бәрі еңбекшілердің ұйымдасу және ұжымдық келіс-сөз жүргізу құқықтарын бекітетін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) негізгі конвенцияларына асыға қосылды. Бес ел ХЕҰ-ң негізгі сегіз конвенциялардың бәрін ратификациялады. Бұл конвенциялардың мақсаты жұмысшыларды еңбек орындағы кемсітуден, еңбекке мәжбүрлеуден қорғап, балалардың жұмыс істеу емес, білім алу құқығына кепіл беру және жұмысшылардың кәсіподаққа бірлесу мен еңбекке және өмір сүру жағдайы мәселелері бойынша жұмыс берушілермен келіс-сөз өткізу құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ осы құқықтар мен кепілдер қағаз жүзінде ғана мойындалды, ал оларды шынайы жүзеге асыру Өзбекстан мен Түркменстанда мүмкін емес, ал Қырғызстан, Қазақстан мен Тәжікстанда шектеулі түрде мүмкін. Жаңаөзен мұнайшылардың келіссөз жүргізу құқықтарын жүзеге асыруға тырысуы қатыгез жолмен – оқ ату және жаппай қудалау арқылы тоқтатылған. Осы оқиғадан кейін жағдай қиындады, яғни еңбек қарым-қатынастарына жаппай қудалау енді. Бүгін бұрынғы ҚСРО аймағының барлық елдері әлеуметтік стандарттарды бұзып, жұмысшылардың ұжымдық әрекеттеріне жол бермеу үшін қысым күшейтуде. Бұл бүкіл аймақта әлеуметтік наразылыққа, әлеуметтік қақтығыстарды күшпен басу қаупін есейтеді. Орта Азияда осындай үрдістің бет алуы  көрші шығыс Еуропа елдеріне де жағымсыз ықпал етіп, жалпы әлеуметтік стандарттар мен жұмысшылар құқықтарын қорғау деңгейін күрт төмендетеді.

Кездесу қатысушылары Орта Азия елдерінде еңбек құқықтарын қорғау және жүзеге асыру бойынша құқық қорғау топтар мен тәуелсіз кәсіподақтар әрекеттерін үйлестіріп, дамыту керек деп табады. Біз 3-4 қарашадағы Бішкекте өткен кездесуді осындай үйлестірудің алғашқы қадамы деп тауып, еңбек құқықтарын қорғауға және олардың аясын кеңейтуге бірге жұмыс істеуге дайын екенімізді мәлімдейміз.

Біз ұлттық және халықаралық кәсіподақ ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарын, сарапшылар қауымдастықтарын, сонымен бірге азаматтық белсенділерді Орта Азияда еңбек құқықтары мен адам құқықтарын қорғау бойынша әрекеттер мен бастамаларды өзара қолдау үшін кең коалиция құруға шақырамыз. Біз өз қызметі үшін қудаланған азаматтық және кәсіподақ белсенділерін босату мен толық ақтауды; тәуелсіз кәсіподақтар мен адам құқықтарын қорғау топтарының кедергісіз қызметін қамтамасыз ету; заң құжаттары мен құқық қолдану тәжірибесінен «әлеуметтік араздықты қоздыру» бабын және басқа да негізгі бостандықтар мен Халықаралық еңбек ұйымы Конвенцияларына қайшы келетін нормаларды алып тастауға күш саламыз.

Біз Орта Азиядағы Халықаралық кәсіподақтық мониторинг миссиясын құру туралы мәлімдейміз. Оның мақсаты ортақ әлеуметтік және экономикалық алға даму, бейбітшілік пен аймақтағы тұрақтылыққа қол жеткізу үшін бірлесу бостандығы, кемсіту мен қанаудың ең ауыр түрлерінен қорғалу құқықтарын бұзу туралы ақпаратты жинау, жалпы үрдістерді сараптау және осы саладағы құқықтық жағдайды жақсарту туралы кеңестер дайындау болып табылады.